Сонгина Ольга Альфредовна

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сонгина Ольга Альфредовна (17.4.1901, Ресей, Санкт-Петербург қаласы – 7.5.1989, Алматы) – ғалым, химикалық ғылым докторы (1957), профессор (1959).Қазақстан ҒА-ның корреспондент мүшесі (1970). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961). Санкт-Петербург (Ленинград) индустриалды институтын бітірген (1941). 1922 – 37 жылы Санкт-Петербург қаласындағы “Красный выборжец” зауытында еңбек етті. 19371943 жылы Бішкек (Фрунзе) қаласында дәріхана басқару мекемесінде, 19431945 жылы Қырғызстан ҒА-ның Химия институтында ғылым қызметкер, 19451948 жылы Қазақ тау-кен металлургиялық институтында (Қазақ ҰТУ), 194850 жылы. Қазақстан ғылым академиясының Химия институтында ғылым қызметкер, 19501981 жылы қазіргі ҚазҰУ-дың химия факультетінде оқытушы, кафедра меңгерушісі болды. Ғылым жұмыстарының негізгі бағыты – сирек [элемент|элементтер, минералды шикізаттар химиясы және электрхимекалық әдістер саласын зерттеуге арналған. Сонгина табиғаттағы шикізаттарды, сирек элементтерді көптеген электрхимикалық әдістермен (амперметрлік титрлеу, электрхимикалық фазалы талдау, т.б.) зерттеу және талдау арқылы олар жөнінде ғылымға мол мағлұматтар қосты. Еңбек Қызыл Ту орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған. 6 монографияның,600-ден астам ғылым еңбектің авторы, оның ішінде 30 авторлық куәлігі бар.

Шығармалары:

Амперометрическое титрование, М., 1957; Редкие металлы, (3 изд.), М., 1964; Химия, (3 изд.), М., 1979. <ref>"Қазақ энциклопедиясы" , 7 том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сонгина Ольга Альфредовна|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}