Сомбатхей

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сомбатхей қаласы (Венгрия) – (Үлгі:Lang-hu) Венгрияның батысындағы қала. Халық саны 80 154 адам (2005 жылғы халық санағы бойынша). Бұл Венгрияның көне қалаларының бірі.<ref>http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D0%BE%D0%BC%D0%B1%D0%B0%D1%82%D1%85%D0%B5%D0%B9</ref>

Негізін біздің заманымызға дейін 45 жылы римдіктер қалаған. Қалада императорлар резеденциясы мен амфитеатр салынған. Ұлы Константиннің билігі кезінде қала жақсы дамыды, оның өзі қалаға бірнеше келген болатын. Жаңа ғимараттар, театрлар және шіркеулер салынады.

Аңыздың бір нұсқасы бойынша осы қалада әулие ]]Мартин Турский]] туған. 445 жылы Сомбатхейді ғұндар басып алады, ал 458 жылы қатты жер сілкінісінің салдарынан қала қирайды. Дегенмен 5-8 ғасырларда бұл аймақта славян тайпалары мен аварлар мекендейді. 10 ғасырда Венгрияның құрамында болады.

Бірініші дүниежүзілік соғыстан кейін қала көп бөлігінен айырылады, кейін ол шекаралық қала болады. Ал Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаланы бомбалаудың салдарынан көп ғимараттар бұзылады. Қаланы 1945 жылы 29 наурызда немістерден босатады.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}