Солтүстік Үстірт-Бозащы шөгінді алабы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Солтүстік Үстірт-Бозащы шөгінді алабы әркелкі зерттелген. Оның ең түбегейлі зерттелген бөліктері ретінде мезозой бойынша құрылық ауқымындағы Бозащы көтерілімі мен Арыстан баспалдағын, палеоген бойынша Шағырлы-Шемішті және Акулков-Базой белдемдерін атауға болады. Қиманың палеозойлық секциясы бірлі-екілі ұңғымалармен зерттелген, ол алаптың қазақстандық бөлігі ауқымында мұнай мен газ кенорындарын іздестіру аймағы ретінде қарала алмайды. Алаптың Солтүстік Үстірт бөлігінде жүргізілген іздеу-барлау жұмыстары көлемінің біршама қомақты болғандығына қарамастан, онда ірі ашылулар болмады, осыған байланысты бұл өңірге деген қызығушылық кешегі кеңес кезінің өзінде-ақ мүлдем саябырсыған болатын.

Жаңа ашылулар мүмкіндігі, бұрынғыдай, алаптың оңтүстік-батыс бөлігінің, соның ішінде Арыстан және Қолтық-Ердала баспалдақтарының юра және төменгі бор түзілімдерімен байланыстырылады. Бұл ашылулар масштабы болымсыз деп болжанады. Ортаңғы-жоғарғы триас түзілімдерінің мұнайгаздылық перспективасы кумәнді түрде қалып отыр. Ауданның шығыс-солтүстік-шығыс аудандарының палеоген кешенінен газ кенорындарын іздеу перспективасы бар. Бозащы белдемінен жаңа ірі ашылулар болуының жоғары мүмкіндігі Каспий теңізі су айдыны табанындағы мезозойлық түзілімдермен байланыстырылады, бұл өңірдің аймақтық зертелу дәрежесі жергілікті нысандарды нақтылай түсуге жеткілікті.<ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005.

ISBN 9965-9765-1-1</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}