Солтүстік Қазақстан облыстық орыс драма театры

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Солтүстік Қазақстан облыстық орыс драма театры, Н.Ф. Погодин атынд. – Петропавл қаласындағы мәдени-сахналық ұжым. 1887 ж. Сібірге танымал болған А.И. Горбуновтың басшылығымен Петропавлда драмалық артистер жолдастығы негізінде қалыптасты. Театр бұрынғы әйелдер гимназиясы үйінің төменгі қабатында орналасып, өзінің спектакльдерін (А.Н. Островский, “Бақытты күн”, Н.В. Гоголь, “Ревизор”) қоя-ды. Театр дирекциясының қарамағында 1897 ж. 57 адам жұмыс істеп, оның 21-і орындаушы-актерлер тобын құрады. 1906 ж. театрдың тастан салынған ғимараты бой көтерді. 1912 – 15 ж. театр труппасында белгілі актерлер М.И. Велизарий, Е.Л. Ленина, П.Н. Орленев ойнады. 1917 жылдан кейін театр ұжымы Халық үйі деген атпен мәдени қызмет көрсете бастады. Әсіресе, 2-дүниежүзілік соғыс жылдары көрермендер арасында мәдени-патриоттық тәрбие жұмысын жүргізуге айтарлықтай үлес қосты. Осы уақытта қойылған орыс жазушыларының (А.М. Горький, К.М. Симонов, Островский) туындылары театрдың кезеңдік спектакльдеріне айналды. Театр тың жерді игеру жылдары жемісті еңбек етті. Осы жылдары театр қойған спектакльдерге белгілі мәскеулік сахна шеберлері М.И. Царев, А.Л. Абрикосов, Г.А. Абрикосов, Е.Н. Козырева, т.б. қатысты. 1956 ж. театр С.Мұқановтың “Шоқан Уәлиханов” спектаклімен театр көктемі байқауында Қазақ КСР-і Мәдениет мин-нің 1-дәрежелі дипломына ие болды. Театр репертуарынан орыс драматургиясымен (М.Ю. Лермонтов, А.Н. Арбузов, А.А. Фадеев, Н.Ф. Погодин) қатар, аударма пьесалар да (Н.В. Думбадзе, Э.Маков, Ф.Шиллер, т.б.) орын алды. Театрдың көркемдік жағын реж. Г.И. Пушкарев (1956 – 62), Н.П. Найденов (1963 – 74), Н.А. Воложанин (1975 – 79), т.б. басқарды. Театр ұжымы бірнеше рет Бүкілодақтық театрлар байқауының дипломдары мен грамоталарына (1968, 1978, 1980, 1981) ие болды. Театр сахнасында М.Әуезов пен Л.С. Соболевтің “Абай” (1956), Мұқановтың “Шоқан Уәлиханов” (1986, 1995, реж. Е.Обаев) және Қ.Ысқақовтың “Ақнар” (Ғ.Мүсіреповтің “Ұлпаны”, 1992, реж. Б.Омаров), т.б. пьесалары қойылды. 1970 ж. театрға жазушы-драматург Погодиннің есімі берілді.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}