Солтүстік Қазақстан облыстық музыкалы драма театры

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Солтүстік Қазақстан облыстық музыкалы драма театры, С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облысы, қазақ музыкалы драма театры – Петропавл қаласындағы мәдени-сахналық ұжым. Қаладағы бұрынғы Энергетиктердің мәдениет сарайында орналасқан театр ұжымы 2002 ж. 15 маусымда (“Елім-ай” спектаклімен) ашылып, жұмыс істей бастады. Театр труппасын Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының актерлер бөлімін бітірушілер құрады; жас актерлерді осы академияның оқытушысы О.Ақжарқын-Сәрсенбек басқарып келді. Ол жаңа ашылған театрдың көркемдік жағын басқарумен қатар, режиссері болып тағайындалды. Оның репертуарынан С.Мұқановтың “Аққан жұлдыз”, С.Жүнісовтің “Қысылғаннан қыз болдық”, Ш.Айтматовтың шығармасы бойынша “Шыңғыс ханның ақ бұлты”, Д.Симонованың “Алтын дәннің құпиясы”, т.б. спектакльдер орын алды. Театр ұжымы Ғ.Мүсіреповтің туғанына 100 жыл толуына орай Петропавл қ-нда өткізілген Респ. театр фестиваліне қатысты.


{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Солтүстік Қазақстан облыстық музыкалы драма театры|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}