Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
құрылды 1937
ректор Әшімов Ұңдасын Бәйкенұлы
орналасқан жері Петропавл
мекенжайы 150000, Петропавл қ., Пушкин көш., 86
сайт http://nkzu.kz/
факультеттер саны 8
мамандықтар саны 68
оқушылар контингенті 8754

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (СҚМУ) — Солтүстік Қазақстандағы жетекші ЖОО бірі. ЖОО-да 12000 студент оқиды. Университеттің 9 [[факультет|факультетинде 50 мамандық бойынша білім беріледі. Педагогика, инжинер, құқықтық, экономикалық, экологиялық, аграрлық, мемлекет басқару, т.б. бағыттарда мамандар даярлайды. Университет көп деңгейлі оқыту жүйесімен жұмыс істейді. Жоғары оқу орнына дейінгі оқыту жүйесіне «Дарын» мектеп-пансионы, көркемсурет лицейі, даярлық факультеті (оның ішінде қазақ [диаспора|диаспораларына арналған курстар бар) кіреді. Жоғары оқу орнынан кейінгі даярлық магистратура, аспирантура, докторантурадан тұрады. Оқу жұмыстарын 26 кафедрада 120 ғылым кандидаттары мен доцент, 30 ғылым доктор мен профессор, 8 академик жүргізеді. Университет қалашығының [[инфрақұрылым|инфрақұрылымын 7 оқу корпусы, 5 жатақхана, 2 обсерватория, дыбыс жазу [[студия|студиясы, тауар [биржа|биржасы, т.б. қызмет көрсету бөлімдері құрайды. Жанынан ЮНЕСКО Халықараралық кадрлық академиясының аймақтық оқу-кеңестік орталығы ашылған. Мұнда қашықтан оқыту технологиясы қолданылады, тыңдаушыларға Лиссабон [[конвенция|конвенциясына сәйкес еуропалық үлгідегі магистр дипломы беріледі. АҚШ, Германия, Финляндия, Испания жоғары оқу орындарымен байланыс орнатылған.

Тарихы

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті өзінің жыл санауын 1937 жылы Қазақ ССР ХКК қаулысымен Петропавл мұғалімдер институты болып құрылуынан бастайды. <ref name="hist"> Үлгі:Cite web </ref>. 1949 ж. - Бүкілодақтық сырттай оқу институтының Петропавл оқу-консультативтік пункті ашылды. Орал политехникалық институтының Петропавл БТФ-ы.<ref name="hist" />. 1955 ж. - мұғалімдер институты негізінде педагогикалық институттың ашылуы.<ref name="hist" />. 1960 ж. - Қарағанды политехникалық институтының БТФ пайда болды.<ref name="hist" />. 1994 ж. - Қарағанды политехникалық институтының БТФ негізінде Жоғары техникалық колледжі (ЖТК) құрылды.<ref name="hist" />. 1994 ж. - Петропавл педагогикалық институты негізінде Солтүстік Қазақстан университеті ашылды.<ref name="hist" />. 1996 ж. - СҚУ мен ЖТК бір оқу орнына бірігіп, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті құрылды.

Факультеттер

Университеттің 9 факультетінде 112 мамандық бойынша 12 мыңнан астам студент оқиды.<ref name="hist2"> Үлгі:Cite web </ref>:

  • Тіл және әдебиет институты
  • Жаратылыстану-география
  • Саз-педагогика
  • Көлік-құрылыс
  • Тарих және құқық
  • Ақпаратты технология
  • Дене шынықтыру
  • Машинажасау және энергетика
  • Экономика
  • ИППК

Сілтемелер

http://www.nkzu.kz/history/historykz.asp

<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9 , VII том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}

ru:Северо-Казахстанский государственный университет