Солтүстік Придорожный мұнай кен орны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мұнай кен орны

Солтүстік Придорожный мұнай кен орны, Солтүстік Жолмаңылық – Өзен-Жетібай антиклинальдық баспалдағында орналасқан мұнай кен орны. Осындағы Придорожное мұнай-газ конденсат кен орнымен ұштасып жатыр. 1988 жылы ашылған.

Геологиялық құрылымы

Кен орнының оңтүстік-батысы тектоникалық бұзылыспен күрделіленген антиклин қатпармен байланысқан. Ортаңғы триастың шағылдырушы бетімен антиклинальдың өлшемдері (-3850 м-лік изогипса) 1,7-1,5 км, амплитудасы 50 м-ден астам. Бойлыққа жуық бағытталған жарылым арқылы құрылым батыс жағынан өлшемдері (-3900 м-лік изогипса) 2x1 км, амплитудасы 50 м келген жартылай күмбезбен жапсарласады. Коллектор аралас терригендік-карбонаттық, кеуектілігі 13%, өткізгіштігі 0,038 мкм2. Иірім қабаттық, дөңдік, оңтүстік-батысқа қарай коллекторлардың литологиялық алмасуы байқалады.

Қанығу сипаты

Мұнайға қаныққандық коэффициенті 0,72. Дөңде 4050,6 м тереңдіктегі қабат бетінен алғанда иірімнің биіктігі 200 м. Өнімді қабаттың жалпы қалыңдығы 33 м, тиімді және мұнайға қаныққан қалыңдығы 10,8 м. Су-мұнай жапсары – 4085 м-лік белгіде анықталған.

Тығыздығы, құрамы

Бастапқы қабаттық қысым 45,8 МПа, температура 143°С. Мұнайы жеңіл, тығызд. 838 кг/м3, аз күкіртті 0,11%, мол парафинді 24,6%, асфальтендер 1,5%, силикагельдік шайыр 3,2% болады. Мұнайға еріген газ ауыр, метанды-этанды келеді. Иірімнің режимі суарынды. Хлоркальций типті қабат сулары минералдылығы жоғары тұздықтар болады.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 </ref> <ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер