Солон реформалары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Солон реформалары - б.з.д. VI ғ. Афинада өмір сүрген. Б.з.д. 594 ж. архонт болып сайланып, өз реформаларын жүзеге асыруға ұмтылды. Солон жеке билікті орнатуға ұмтылған топ пен кең халықтық билікті орнатуға ұмтылушылар ортасындағы "алтын аралық" саясатын ұстанды. Ол бірінші кезекте борышкерлердің қарызын жойып, болашақта жеке құлдыққа, борышкерлерді құлдыққа сатуға тыйым салды. Енді құлдық сырттан кел¬ген құлдар көмегімен дамыды. Келесі өзгеріс - жер иеленушілердің иелік ауқымы шектелді. Саяси реформалары: ценздік-мүліктік жіктеу. Афин азаматтары мүліктік жағдайына байланысты төрт топқа бөлінді. I разрядқа - ең байлар, II разрядқа - жай байлар. Бұл екі разряд өкілдері мемлекеттік аппараттағы барлық маңызды қызметтерді алуға құқылары болды, бірақ архонт және қазынасы (казначей) болуға тек I разряд өкілдерінің құқысы болды. Енді аристократиялық қағидат (шығу тегіне байланысты) мүліктік, байлық принципімен ауыстырылды. III разрядқа - орта топтағы азаматтар, IV разрядты қоғамның қалған топтары феттер құрады. Солон конституциясы бойынша биліктің жоғарғы органы - афин халық жиналысы жарияланды. Афин қоғамының 4 тайпаға бөлінуінің сақталуына байланысты 400 кеңесі құрылды - Мемлекеттік орган. Бұл кеңес жыл сайын алғашқы үш разряд азаматтарынан сайланды, әр тайпадан 100 өкілден тұратын 400 кеңесі халық жиналысында талқыланатын мәселелерді алдын ала дайындап, күнделікті істермен айналысқан. Халық жиналысы маңызды мемлекеттік істерді талқылаумен айналысты, заңдар қабылдады. Оның жұмысына ересек афин азаматтары қатыса алды. Алқа би соты - гелизя құрылды. Соттың құрамына барлық разряд азаматтары кіре алды. Солон реформалары демос пен ақсүйектер арасындағы саяси компромисс нәтижесінде жасалды.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Солон реформалары|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}