Солма

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

СОЛМА (Pіroplasmosіs) – малдың және көптеген тағы жануарлардың трансмиссивті ауруы. Қоздырғыштары – жануарлар қанының эритроциттерінде паразитті тіршілік етіп, оларды ыдырататын пироплазмалар. Пироплазмаларды иксод кенелер таратады. Солма қоздырғышы жануарлардың түріне қарай әр түрлі болады. Кенеден жұққан аурудың жасырын кезеңі 8 – 12, қаннан жұққанда 2 – 20 күнге созылады. Солмамен ауырған мал селқостанады, дене қызуы тез көтеріледі (41 – 42С), жүрек соғуы, тыныс алуы жиілейді, ас қорыту жүйесінің қызметі бұзылып, іші қатады немесе іші өтеді, эритроцит пен гемоглобиннің мөлшері кемиді. Келесі күндері несебіне қан араласады, буаз мал іш тастайды. Ауру асқынғаннан кейінгі 3 – 5 күннің ішінде малдың өліп кетуі де мүмкін. Науқастан айыққан малда иммунитет пайда болады, бірақ 1 – 2 жыл паразитті сақтаушы болып есептеледі. Емі: науқасқа қарсы трипансинь, флавакридин, приоплазмин, гемоспоридин препараттары қолданылады. Солманың алдын алу үшін малды кенесі жоқ жайылымда бағады.

<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 7 том</ref>


Пайдаланылған cілтемелер

<references/>


{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}



{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Солма|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}