Соколова Алевтина Михайловна

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Соколова Алевтина Михайловна — баспагер. <ref> "Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері", Анықтамалық,"Білім" баспасы, Алматы, 2005 ж., ISBN 9965-09-134-Х1981-89 </ref>. 1939 жылы Новосибирск қаласында туған.

1964 жылы Ленинградтың по¬лиграфия және баспа ісі техникумын кітаптар мен журналдардың техникалық редакторы мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын облыстық "Ленинская знамя", "Голос рабочего" газеттерінде көркемдеуден бастап, 1968 жылдан "Мектеп" баспасында техникалық редактор, техникалық редакцияның меңгерушісі, көркемдеу редакциясының редакторы, өндіріс бөлімінің меңгерушісі қызметтеріне дейін өсті.

А.Соколова мектеп оқулықтарын жоғары сапалы полиграфиялық әзірлегені үшін КСРО Мемлекеттік баспасөз комитетінің мақтау грамотасымен (1979), Мәскеуде өткен шетелдердегі Қазақстан кітаптары атты көрмесінің қорытындысы бойынша жоғары сапалы кітап әзірлегені үшін алғысы жарияланған (1981), 1-сыныпқа арналған "Математика" оқулығын жоғары деңгейде әзірлегені ушін халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінде қола медалімен, баспа саласында ұзақ жылдар қажырлы еңбек еткені үшін "Еңбек ардагері" медалімен марапатталған.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}