Сойыл

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сойыл (көне) — қол қаруының бір түрі.

Ол — алып жүруге ыңғайлы ұзынша сидам ағаш. Сойыл ұзындығы 2-2,5 м, диаметрі 6-7 см қатты ағаштан жасалады. Сойыл ағашын бұтақтарынан тазартып, қабығын аршып кептіреді. Әбден кеуіп, көп ұсталған сойылды қақ сойыл деп атайды. Орта ғасырларда қазақтар барымта алу, дау, ұрыс кезінде ұрыс қаруы ретінде пайдаланған.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub:Әскери іс {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}