Созақ (көне қала)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Созақ, Хұзақ - ежелгі қала орны. Қала 13 ғасырдың жазба деректерінде Хұзақ деген атпен аталады, ал 16 ғасырдан бастап Созақ деген атпен белгілі.

Географиялық орны

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Созақ ауылының оңтүстік шетінде орналасқан.

Тарихи сипаты

Қаланың сырты дуалмен және ормен қоршалған. Онда 500-ге жуық үй болған. Қала маңында егіншілікпен айналысқан мекендер орналасқан. Зерттеу жұмыстарын 1946 жылы Орталық Қазақстан археологиялық экспедиция (жетекшісі Ә.Марғұлан), 1947-48 жылдары Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедиция (жетекшісі А.Н. Бернштам), 1982-83 жылдары бұрынғы Шымкент (қазіргі Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент институты) археологиялық экспедиция тобы зерттеген. Олар қаланың 10 ғасырда пайда болып, 18 ғасырға дейін өмір сүргенін анықтады. Созақтың бұрынғы орны Тарсатөбе деп аталады. Ол биіктігі 20 м мұнаралы дуалдармен қоршалған. Қазба жұмыстары барысында үйлердің жұрты, көптеген қыш заттар, хумдар — тамақ, астық сақтауға арналған ыдыстар, тегенелер, қаракөк және көкшіл түсті бояулармен боялған табақшалар, 15-16 ғасырлардағы бірнеше мыс тиындар табылды. <ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер