Совет-Хан Ғаббасов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Совет-Хан Ғаббасов (Ұждан) (12.2.1939 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы, Сұңқар ауылы) – жазушы, педагогика ғылым докторы (2003), Алматы мемлекеттік медициналық институтының (1965, қазіргі Қазақ ұлттық медициналық университеті) емдеу факультетін бітірген. 1971–78 жылдары Қазақтың клиникалық-эксперименттік ғылыми-зерттеу хирургия институтында, 1978–87 жылдары Онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер болып істеді. Дәрігер-ғалым қазақ тілінде «Қан жүрісі – жүрек тынысы» (1968), «Дәрігер келгенге дейінгі көмек» (1973), «Қатерлі ісіктің алдын алуға бола ма?» (1980) кітаптарының авторы. 55 ғылыми мақала, 2 авторлық куәлігі бар. 1989 жылдан Қазақ педагогикалық ғылыми-зерттеу институтында ғылым Ғаббасовтың «Халық педагогикасының негіздері» (1995) еңбегі халық педагогикасының оқулығы ретінде пайдаланылып келеді.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998, ISBN 5-89800-123-9</ref>

Шығармалары:

  • Қыран қия. Әңгімелер. А., 1971;
  • Ана жүрегі Повестер. А., 1974;
  • Өскен үя. Әңгімелер. А., 1976;
  • Серпер. Роман. А., 1979;
  • Порыв. Повести. М., 1982;
  • Нәзік сезім. Роман, повестер. Фрунзе. 1985;
  • Кәусар. Ғыл.-фантастикалық роман. А., 1985;
  • Мейірім. Повестер, әңгімелер. А., 1989;
  • Воззрение. Повести, роман. М„ 1993; ізгілік әліппесі. Оқулық. А., 1991;
  • Халықтық педагогика негізі. Моногра­фия. А., 1995; Көңіл күсы. Роман. А.. 2004.

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}