Слябинг

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Слябинг (ағылшынша slabbіng) — массасы 45 т-ға дейінгі ауыр құймаларды жан-жақты қысып, жайпақтауға арналған жоғары өнімді прокат станы. Бұдан алынған дайындама (слябі) жалпақ табақ жасауға арналған жартылай өнім ретінде пайдаланылады. Слябинг тік және горизонталь орналасқан қос жұп біліктерден тұратын стан ретінде металлургиялық затттарда орнатылады. Оның қос клетьті әмбебап түрі көп тараған. Бірінші клетьте диаметрі 1100 — 1370 мм-лік екі горизонталь біліктер, екіншісінде диам. 900 — 1220 мм-лік екі тік білік орналасқан. Бұлар бір-бірімен қатар орналасуы себепті слябинг үздіксіз стан ретінде жұмыс істейді. Жылдық өнімд. 3 — 7 млн. т. шамасында. Слябинг құрамында жұмыстық клеть, қозғалтқыш жетекті жабдықтар және біліктерді ауыстыратын механизмдер болады. Қосалқы жабдықтарға құйма тасығыш, рольгангілер, тазалауыштар, кескіштер, салқындатқыштар, т.б. жатады. Слябинг цехында ыстық құймаларды тасымалдау, оларды 110 — 1280ӘС-қа дейін қыздыру, қабылдағыш рольгангілерге әперу, өлшеу және слябинг біліктеріне жеткізу, біліктер арасынан 19 — 31 рет өткізіп (әр ретте 50 — 120 мм-ге дейін қысылады) прокаттау, тазалау, кесу, салқындату, т.б. операциялар орындалады. Слябинг Қазақстанда Қарағанды металлургия комб-нда бар.

<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 7 том</ref>


Пайдаланылған cілтемелер

<references/>


Үлгі:Суретсіз мақала


Үлгі:Stub

Үлгі:Wikify