Сливинская Нина Александровна

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сливинская Нина Александровна1945 жылы Ресей жеріндегі Новосибир облысы, Чулым қаласында туған.<ref>"Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері", Анықтамалық,"Білім" баспасы, Алматы, 2005 ж., ISBN 9965-09-134-Х1981-89</ref>. Томскінің мемлекеттік университетін бітірген (1969).

Орыс тілі мен әдебиетініңмаманы. Еңбек жолын Междуреченск қалалық комитетінде бастаған. "Кайнар" баспасында 1970 жылы қызметке түрып, әуелі корректорлар бюросына жетекшілік етіп, 1974 жылдан аға редакторлық жұмысқа жоғарылатылған. Осы орында 1996 жылға дейін отырған.

Н.А.Сливинскаяның редакторлық етуімен кезінде баспадағы біраз құрделі басылымдар жүзеге асырылды. Атап айтсак, "Жомартжер", "Қазақстанның астық шаруашылығы", "Еліміздің астық қоймасы" т.б. кітаптар кең танымал болды. Ал "Жемістерді ұзақ мерзімге сактау", "Зәмзәм суының кілті", "Алатаудың арғы беті" секілді арнайы басылымдар республика аралық көрмелерде аталып отті.

Журналистер Одағының мүшесі, тәжрибелі баспагер Н.А.Сливинская қолжазбалардың сауатты дайындалып, оқырман талабын қанағаттарлық дәрежеде шығуына ерекше мән берді, безендіру, өзге де техникалық жұмыстарға белсенді араласты.

Ол 90 жылдарда нарық талаптарына сәйкес оқырман суранысына жауап беретін Көп таралымды жинақтар қурастыруға мән берді. "Жүмыртқадан пісірілетін тағамдар", "Үннан жасалатын тағамдар" — міне, осындай ізденістің нәтижесі еді.

Н.А.Сливинская әртүрлі дипломдармен, мақтау қағаздарымен, "Баспасөз уздігі" белгісімен марапатталған.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}