Сланов Дулат Ғабдолұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сланов Дулат Ғабдолұлы1950 жылы 26 тамызда Алматыда, қазақтың белгілі жазушысы Ғабдол Слановтың шаңырағында дуниеге келген.<ref> Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім" баспасы. 2005 ж. — 576 бет.ISBN 9965-09-134-Х</ref>

  • 1968 жылы орта мектепті бітірген соң Кеңес Армиясы қатарында борышын өтеп қайтқан.
  • 1972 жылдан бастап Республикалық клиникалық және эксперименттік хирургия институтында аға лаборант, содан сон кино-фото лаборатория меңгерушісі болып *жұмыс істеген.
  • 1977 жылдан Қазақстан Денсаулық сақтау саласының медицина тарихы

музейінде маман болып жұмыс атқарады.

  • 1984 жылы "Жазушы" баспасына суретші болып орналасады. Сөйтіп, бұған дейін жинақтаған тәжірибесі мен білімін кітап өнеріне жұмсай бастайды.

Бірсыпыра тәжірибе жинақтап, ысылған маман 1992 жылы "Өнер" баспасына шақырылады. Мұнда табаны күректей 8 жыл әйгілі өнер адамдарының өнері мен шығармашылық қызметі туралы әзірленіп жатқан альбомдар мен таңдаулы кітаптарды әсем безендіру ісіне білек сыбанып кіріседі.

Сондай-ақ "Жалын", "Мектеп", "Рауан", "Қайнар" сынды белгілі баспалардың бетке ұстар кітаптарын әрлеуге қажетті суреттер, слайдтар әзірлеуге ат салысады.

Дулаттың суреттерімен көркемделе түскен көптеген басылымдар Алматыда және одан тысқары жерлерде өткен көрме-жәрмеңкелерде үстін-үстін бәйге алып жатты.

Д.Сланов еліміздің бетке ұстар театрлары М.Әуезов атындағы драма театрында, Ғ.Мүсірепов атындағы жасөспірімдер театрында да абыройлы еңбек етті.

Д.Сланов бұл күнде республикамызға танымал, беделді фотосуретшілердің бірі.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}