Скиф плитасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Скиф плитасы (скиф тайпасының атымен аталған) — берік шөгінді тыспен қапталған, байкалдық, кей жерде герциндік негіздегі платформалы аймақ. Скиф плитасының жер бедерінде жазықтар (Солтүстік Кавказ, далалы Қырым) басым. Іргетасы қатпарларға жиналған тақтатасты-әктасты қатқабатта, тысы юралық, бор, палеогендік (құмтас, құм, әктас, әксаз, саз) теңіздік шөгінді қатқабаттарында, сонымен қатар неогендік және антропогендік құрлықтық түзілімдерде шоғырланған. Скиф плитасы солтүстігінде Шығыс Еуропа платформасымен, оңтүстігінде Таулы Қырым, Керчь түбегімен, Солтүстік Кавказ қатпарлы құрылымдарымен шектелген.<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 7 том</ref>

Пайдаланылған cілтемелер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}