Скетч

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Скетч (Үлгі:Lang-en — нобай) — кейіпкерлері аз, комедиялық және сатиралық мазмұнға жеңіл құрылған, шағын бір актілі пьеса.


Скетчте күлкілі жағдай, қызық сюжет, тапқырлық сөз үлкен орын алады. Скетч әдетте эстрадада, цирк аренасында, миниатюралық театрларда қойылады.


Қазақ әдебиетінде Б.Майлин, Ғ.Мұстафин, т.б. жазушылар скетчтер жазған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref><ref>Қазақ Энциклопедиясы, 7 том</ref><ref>Ардов В.Е., Разговорные жанры эстрады и цирка, М., 1968</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер