Скаутизм

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Скаутизм (Үлгі:Lang-en — барлаушы)— балаларды, жас-өспірімдер мен бозбалаларды тәрбиелеу жүйесі. Скаутизм скаутинг принциптеріне — балаларды мектептен тыс тәрбиелеуді ұйымдастырудың педагогикалық әдістемелеріне негізделген. Қоғамдық балалар және бозбалалар қозғалысында көрінеді. Скаутизм — әлеуметтік тегіне және дініне тәуелсіз, барлық, жастар үшін ашық ерікті мемлекеттік емес, саяси емес тәрбиелеуші қозғалыс. Скаутизмнің негізгі мақсаты — жастардың зияттық, қоғамдық және рухани әлеуеттерінің дамуына, олардың жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасуына көмектесу. Скаутизм — көптеген халықаралық балалар және жасөспірімдер қозғалыстарының бірі. 1907 жылдан бастап, оған 250 млн-нан астам адам қатысты. Қазіргі кезде скаупық ұйымдар 160-тан астам елде бар және 16 млн-нан астам адамды біріктіреді.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}