Сиязбек Аманбекұлы Ақылбеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сиязбек Аманбекұлы Ақылбеков (10.8.1939 ж.т., Алматы облысы, Бөрілітөбе ауданы, Алғазы ауылы) – тау-кен инженер-геофизик, геология-минерал. ғылыми докторы (1997), Минералдық ресурстар халықаралық академиясының академигі. Қазақ политехникалық институтын (1962, қазіргі Қазақ ұлттық техника университеті) бітірген. 1962–85 ж. Жезқазған облысы (қазіргі Қарағанды облысы) Ақадыр геофизика партиясы тобында, Балқаш геофизика экспедициясында аға техник-геофизигі, инженер-оператор, партия геофизигі, бас инженері, Ақадыр кешенді геологтық-геофизикалық экспедициясының бас геофизигі, 1985–89 ж. Кубаның Гавана қалалық СЭВ экспедициясының бас геофизигі, 1989–93 ж. болжалдау және іздеу экспедиясында (Жезқазған облысы, Ақадыр станциясы) бас геологтың орынбасары болды, 1993 жылдан ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің ғыл. және ғылыми мекемелер басқармасының бастығы, пайдалы қазбаларды геологиялық болжауларды үйрену, сараптау және игеру басқармасының бастығы қызметтерін атқарды. 75 ғылыми жарияланымның авторы.<ref name=source1>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Шығармалары

Минерально-сырьевая база Республики Казахстан на рубеже перехода к рыночной экономике, Акылбеков, 1995.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сиязбек Аманбекұлы Ақылбеков|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}