Синюхина Александра Николаевна

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Синюхина Александра Николаевна1931 жылы Алматы қаласында туған.<ref> "Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері", Анықтамалық,"Білім" баспасы, Алматы, 2005 ж., ISBN 9965-09-134-Х1981-89 </ref>. КСРО Орталық статистика басқармасының есепшілер кадрларын дайындау жөніндегі курсын өндіріс саласындағы есепші мамандығы бойынша бітірген (1970). Алматы мемлекеттік тоқыма фабрикасында 1950 жылдан бастап жұмыс істеген.

А.Н. Синюхина "Қайнар" баспасында 1972-1986 жылдар аралығында бухгалтер, аға бухгалтер болып, негізгі өндіріс пен негізгі қорлардың есебін жүргізіп, сауда ұйымдары мен тапсырыс беруші тұлғалардың арасындағы қаржылық қарым-қатынастарды қадағалап отырды. Қазақ КСР Баспасөз комитетінің құрмет грамотасымен марапатталған.

Дереккөздер

<references/>