Синоатриялык түйін
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Синоатриялык түйін (Синоатриальный узел); (nodus sinatrius, лат. nodu — түйін, sinus — қойнау, atrium — жүрекше) — жүректің жүйкелік-бұлшық еттік жүйесінің түйіні. Синоатриялық түйін — эпикардтың астыңғы жағында, алдыңгы қуыс вена мен оң құлақшаның аралыгында орналасады.
Синоатриялық түйін өзіндік құрылыс ерекшелігі болатын кардиомиоциттерден тұрады. Негізінен жүрекшелер бұлшықеттерінің ырғақты жиырылуын қамтамасыз етеді.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9</ref>
Дереккөздер
<references/>