Синельников мұнай кен орны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Синельников мұнай кен орны - Каспий маңы ойысының шығыс бөлігіндегі мұнай кен орны. Ақтөбе облысында игерілудегі Жаңажол мұнай-газ конденсат кен орнына тікелей түйіседі. Кенорын 1987 жылы ашылған.

Геологиялық құрылымы

Бұрғылау ұңғымалары Жаңажол кен орны қимасына ұқсас қиманы аршыды. Тұзасты карбон шөгінділерінде КТ-І және КТ-ІІ карбонатты қатқабаттары бөлінеді. КТ-І қатқабатының беткі бөлігінде шомбал жаратылымды мұнай жатыны қалыптасқан. Кен орнының құрылымы бойлыққа жуық бағытта созылған брахиантиклин қатпар.

Жатыс сипаты

КТ-І будасының беті бойынша -2600 м-лік изогипса ауқымында оның өлшемдері 8x4 км. Күмбез -2600 м-лік изогипсамен жиектеледі, қатпардың амплитудасы 50 м-ден астам. Көтерілімде Жаңажол кен орнымен ортақ туйықтаушы -2650 м-лік изогипса бар. Жатынды сыйыстырушы карбонатты шөгінділердің қалыңдығы 408 м-ге жетеді. Тиімді мұнайға қаныққан қалыңдық 10 м. Жатынның биіктігі 16 м. Жинауышы кеуекті, ашық кеуектілік 9,9%-11,4%-ға дейін жетеді, өтімділігі 0,0009 мкм2. Жапқыш қызметін төменгі пермнің аргиллиттері атқарады. Мұнайға қанығу коэффициенттері 0,67-ден 0,84-ке дейін. Мұнайдың сипаттамасы Жаңажол кен орнының мұнайының сипаттамасына ұқсас. Мұнай шығымдары 29,6 м3/тәуліктен аспады. Газдық фактор 273 м33. Жатынның режимі суарынды. Кен орны барлануда. <ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер