Синдесмология
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Синдесмология (syndesmologia, грек, syn — байланыс, desmos — байлам, logos — ілім) — сүйектер байланыстары туралы ілім.
Адам мен жануарлар қаңқаларында сүйектер байланыстарының екі түрі ажыратылады:
- Сүйектердің тұтаса байланысы
- Буынды байланыс.
Тұтаса байланыс кезінде, сүйектер бір-бірімен өзара әр түрлі ұлпалар арқылы байланысады:
- Бұлшықеттік байланыс (синсаркоз)
- Серпімді (эластикалық) ұпалық байланыс (синэластоз)
- Дәнекер ұлпалық байланыс (синдесмоз)
- Шеміршектік байланыс (синхондроз)
- Сүйектену (синостоз).
Буынды байланысуда сүйектер аралығында қоймалжың сұйыққа толған буын қуысы және оны сыртынан қаптайтын буын қапшығы болады. Буындар құрылысына қарай қарапайым және күрделі болып екі топқа бөлінеді. Сүйектердің тұтаса байланыстарының түрлері көбінесе біліктік қаңқада, ал буынды байланыстар қол мен аяқ қаңқаларында кездеседі.<ref> Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9</ref>
Дереккөздер
<references/>