Синантропты организмдер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Синантропты организмдер (грекше syn — бірге, anthropos — адам) — адамға және оның тіршілік еткен жеріне әр түрлі дәрежеде қатысы бар жануарлар, өсімдіктер мен микроорганизмдер. Ауру тарататын микроорганизмдер синантропты организмдерге жатпайды. Синантропты организмдер — адам мен үй жануарларының паразиттері мен шаруашылық, тамақ қалдықтарымен қоректенеді. Синантропты организмдердің адаммен байланысы әр түрлі. Адамның ішкі және сыртқы паразиттері (гельминттер, кене, бүрге, маса, т.б.) толық, ал тұрғын үйден тыс, елді мекендерде тіршілік ететіндері жартылай синантропты организмдер деп аталады. Көптеген омыртқасыздар (қарапайым құрттар, буынаяқты моллюскалардың кейбір түрі) мен омыртқалылар (қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер) елді мекендерді, тұрғын үйлер мен қолайлы қоныстарды, ал қарлығаштар үйлерді, құрылыстарды баспана ретінде пайдаланады. Кейбір синантропты организмдер (сарышұнақ, аламан, көптеген жәндіктер, т.б.) далада, шабындықта, жайылымда, саябақтарда, т.б. жерлерде тіршілік етуге бейімделсе, кейбіреулері (үй тышқаны, сұр және қара егеуқұйрықтар, төсек қандаласы, сары және қара тарақандар) тек елді мекендерде ғана өмір сүреді. Теңіз, әуе жол қатынасы дамуына байланысты синантропты организмдер кең тараған. Синантропты организмдер үлкен материалдық шығын келтіреді.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Синантропты организмдер|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}