Синагога

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Berlin Neue Synagoge 2005.jpg
«Жаңа синагога» (Neue Synagoge), Берлин

Синагога (грекше synagoge — жиын) — иуда дінінің ғибадатханасы. Синагога толық мәніндегі храм емес, онда садақа беруге, құрбандық шалуға рұқсат етілмейді. Негізінен ол қауым болып бас қосып, ғибадат жасайтын, қоғам мәселелерін шешетін үй болып саналады. Оның өз қазынасы, мүлкі бар. Еврейлер қауымдарын раввиндер басқарады. Раввинді беделі мен біліміне қарай қауымның өзі сайлайды. Синагогада иудаизмде ерекше маңызды саналатын “Шма, Израэль” (Тыңда Израиль) дұғасы оқылады. Синагоганың Иерусалимге қараған қабырғасына Көне өсиеттерде айтылатын кеме бейнесі орнатылып, оған иленген былғарыға қауырсынмен жазылған Тора мәтіндері қойылады. Үлкен Синагогада ерекше мейрамдарда хор ұйымдастырылады. Қазақстанда Алматы, Астана, Шымкент, Қызылорда қалыларында синагогалар бар. 1998 ж. Алматыда еврей мәдени орталығы ашылып, ондағы синагогаға Леви Ицхақ аты берілді.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Синагога|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}}

}}