Симулакрум

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Симулакрум (лат. simulare — жалған, өтірік, жасанды) — бұл термин түрлі мағынада қолданылады. Платон философиясында симулакрум — көшірменің көшірмесі, бейнелегеннің бейнесі деген мағынада қолданылады. Симулакрум — ойдан шығарылған, қолдан жасалған, яғни нақты шындықтағы затқа «үш қайнаса сорпасы қосылмайтындай» бөлек нәрсе деп анықталады. Бұл симулакрумның репрезентативті моделі, яғни көшірмеде көшірме жасалған зат идеясының өзінің референт ретінде болуын талап ететін модель. Симулакрумның екінші мағынасын, немесе репрезентативті емес моделін Ж. Бодрийар, Ж. Делез және Ж.Дерриданың еңбектерінен кездестіреміз. Олардың түсіндіруінше, симулакрумның мөні оның референтсіздігінде, яғни көшірмеден көшірме жасалып отырған зат идеясына сай болудың қажет еместігінде, өйткені симулакрум әуелден болмыс-шындықтың құрылымында кездеседі. Олар бар нәрсе, тұрған нәрсе және оны қайта таныту, қайта көрсету мәселесін керексіз деп табады. Симуляция шындықтың өз бойында бар нәрсе болса, онда түпнұсқа туралы сөз болмаса керек деп түсіндіреді Симулакрумның репрезентативті емес моделін жасаушылардың бірі — Жан Бодрийар үшін симуляция дегеніміз жасанды қылық көрсету, қылымсу-төлімсу, жалғандық емес. Олардың арасындағы өзгешелікті Ж. Бодрийар төмендегідей мысалмен түсіндіреді. Мыс., кімде-кім өзін өтірік аурумын десе, онда оның жалған, жасанды қылық кәрсеткені. Ал енді кімде-кім өзін ауырмаса да аурумын деп есептесе, ауруды симуляцияласа, онда ол адамның бойынан расында да аурудың «шынайы» белгілерін табуға болады. Симулакрум объективті процесс емес. Әлгі ауруды симуляциялаған адамды объективті тұрғыдан не науқас, не сау деп қарастыра алмайсың. Репрезентация белгі мен шындық арасында эквиваленттілік принципінен басталады, бірақ ол эквиваленттілік — утопия. Дегенмен де сол утопия негізі аксиома ретіңде қала береді. Ал симулакрум болса эквиваленттілік принципінің утопиялылығынан басталады, сондықтан да ол белгіні шындықты айқын танытатын қүндылық ретінде қарастырмай, оны реверсия (орын ауыстыру, алмастыру) деп түсіндіреді. Шындықтың орнына гипершындықты қою керек дейді Ж. Бодрийар, себебі шындықты тану тіпті де мүмкін емес. Диснейленд — қиял әлеуметтікі — симулакрумның шынайы моделі. Диснейлендте жүрген адамға одан сыртқары жатқан территорияның бәрі (Лос-Анджелес, АҚШ) — шындық емес, гипершындық болып көрінері рас. Сонымен, біздің шындық ретінде қарастыратын шындығымыздың өзі симулакрум.

<ref>Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне арнлған оқулық. Алматы: Раритет, 2005.- 416 бет. ISBN 9965-663-71-8</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Симулакрум|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}