Сидерит

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox mineral

Сидерит (грекше sіderos — темір), темір шпатыкарбонаттар класына жататын минерал<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>.

  • Химиялык формуласы: ҒеСО3
  • Құрамы FeO — 62,01%, CO2 — 37,99%, қоспалары Mn, Mg, Ca, Co, Zn.
  • Тригондық сингонияда кристалданып, ромбоэдр, тақта, призма типтес кристалдар түзеді.
  • Агрегаттары іркінді, сферолиттер, оолиттер және топырақ тәрізді түйірлі масса құрайды.
  • Түсі ашық сарыдан сұр және қоңырқайға дейін; қаттылығы 4 — 4,5, тығыздығы 3,96 г/см3, жылтырлығы шыныдай, жіктілігі жетілген.
  • Сидерит гидротермалдық, тұнбалық, шөгінді, метаморфтық процестер нәтижесінде түзіледі.
  • Аса сапалы темір кентасы болып есептеледі. Қазақстанда Қостанай, Торғай өңірлерінің қоңыр теміртас кендерінде кездеседі.
  • Сидерит — темірдің маңызды кені.

Агрегаттары жоғарыда айтылған карбонаттарға ұқсас. Жаратылысы. Сидерит көбінесе тек тотықпайтын:

  • а) гидротермалық ,
  • ә) шөгінділік,
  • б) сирек те болса үгілу әрекетінен,
  • в) метаморфтық жағдайда пайда болады.
  • Қолданылуы. Егер сидериттің көп қоры табылып, оның құрамында фосфор мен күкірт аз болса, сонда ол темір өндірісінің кені болып табылады.

Кендері біздің елімізде Қырымда (Керчь түбегінде), Уралда, Байкалда кездеседі. Шет елдердегі кені Испанияда (Бискай шығанағында), Германияда (Зиген кені), Англияда (Шотландияда және оңтүстік Уэлсте), Алжирде, Тунисте т. б. жерлерде бар.

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}