Сигналдарды цифрлық өңдеу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сигналдарды цифрлық өңдеу (цифровая обработка сигналов; digital signal processing) — сигналдарды түрлендірудің цифрлық тәсілдеріне төн сигналдарды өңдеу әдістерінің тобы. Цифрлық әдістердің аналогтық әдістермен салыстырғандағы артықшылығы — жадпен жұмыс істеуді жеңілдетеді, сондай-ақ пайдаланылатын арифметикалық операциялар жинағын ұлғайтады. Алайда олардың негізгі қадір-қасиеті есептеу дәлдігін шексіз арттыру мүмкіндігінен тұрады. Цифрлық әдістердің басты кемшілігі — кейбір ерекше программалар үшін, аналогты әдістерге қарағанда, айтарлықтай баяу болып келеді.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Информатика және компьютерлік техника/ Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдаламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов.

– Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}