Сең жүру

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сең жүру<ref name="ReferenceA">Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref><ref name="ReferenceA"/> — өзен мен көл бетіндегі мұз кесектерінің (негізінен қоңыржай және биіктік белдеулерде) ағыстың, желдің, судың температурасының әсерінен қозғалуы. Сең өзендерде ағыс бағытында, ал көлдерде желдің бағытында жүреді. Сең жүру көктемгі және күзгі болып бөлінеді.

Көктемгі сең жүру мұз жамылғысы бұзылғанда, күзгі cең жүруде су қабатындағы шарбы мұз, анжыр (қабыршақ мұз), көксоқтаның бірігіп қатуынан қалыптасқан мұз кесектері қозғалады. Сең жүру кезеңінде өзен арнасының мұз өтуі қиын жерлерінде, иіндерінде, қайраңдарда мұз сеңдері жиылып, су деңгейі күрт көтеріліп, айтарлықтай аумақты су басуы мүмкін. Мұз жиілігі өзендерде ондық балл жүйесімен, көлдерде үш баллдық жүйемен өлшенеді.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сең жүру|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}