Сеңкібай Оразғұлұлы
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сеңкібай Оразғұлұлы (1709, қазіргі Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы – 1786, Қарағанды облысы Шет ауданы Қызылтау жайлауы) – батыр, би. Орта жүз арғын ішінде болатқожа (қаракесек) руынан шыққан. Атасы Қожас батыр болған. Сеңкібай Бөгембай батырдың жасағы құрамында 1725 – 29 жылдары Алакөл, Шұбартеңіз, Бұланты-Білеуті, Аңырақай шайқастарында ерлігімен көзге түскен. Жоңғардың Ноян Қорек батырын жекпе-жекте жеңген. Сеңкібайды Абылай хан “ақиық сұңқарым” деп бағалаған. Ел арасындағы барымта, жер-су, жесір дауын әділдікпен шешкені үшін халық оны “Биата” атаған. Ұрпақтары 1993 жылы тамыз айында Сеңкібайға ас беріп, қабірінің басына ескерткіш орнатты. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том</ref>
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сеңкібай Оразғұлұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}