Серәлі Мұңайтпасұлы Лапин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қоғам қайраткері, шығыстанушы Лапин Серәлі Мұңайтпасұлы 1868 жылы Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Қоғалыкөл ауылында туған.
1889 жылы Ташкенттегі Түркістан мұғалімдер семинариясын,
1891 жылы Санкт-Петербург университетінің заң факультетін бітірген.
Лапин 1889-1892 жылдары Түркістан семинариясында мұғалім, 1892 жылдан Самарқан облысының әскери губернаторы жанында аудармашы, 1901-1917 жылдары Самарқан, Сырдария облыстарында адвокат қызметін атқарды. Лапин араб, парсы т.б. шығыс тілдерін жетік білген. Гұр-Әмір, Регистан, Шаһи-Зинда кешендеріндегі, Көкелташ медресесі және т.б. көне архитектуралық ескерткіштердегі арабтың көне емлелерімен өрнектелген жазуларды оқыды, оларды орысшаға аударып, ғылыми айналымға косты. Жәдігерлердің тұрғызылған уақытын, оларды салдырған адамдардың, сәулетшілердің есімдерін (мыс., Регистан ансамбліндегі Ширдор, Тіллә-Қари медреселерін Жалаңтөс баһадұрдің салдырғанын) анықтады. « Шаһнама», « Туһрат әл-Хани» дастандарының парсы тіліндегі қолжазбаларын тауып, зерттеді. Лапин ауызша тәржімалаған Ә.Фирдаусидің « Шаһнамасын» акын Молда Ораз қазақша жырлаған.
1900- 1904 жылдары казак, өзбек, кырғыз т.б. атауларды дұрыс колдану жөнінде « Туркестанские ведомости», « Оренбургский листок» газеттерінде мәселе көтерді. Оның шығыстану саласындағы жұмыстарын В.Л. Вяткин, В.В. Бартольд, Н.И. Веселовский, В.В. Розен өз еңбектерінде пайдаланған.
Лапин 1908-1910 жылдары Санкт-Петербургте тұрып, З-Мемлекеттік Думаның Мұсылман фракциясы ұйымдастыру бюросында қызмет етті. Лапин халык мұдцесі ұшін жұмыс атқарып (1910-1913), Тұркістан генерал-губернаторының рұқсатымен қазақ арасында сауда-экономикалык серіктестік құрды.
Лапин 1917 жылы наурызда Ақмешіт халық өкілдері кеңесінің төрағасы, шілдеден « Шуро-и-улема» (« Ғұлама қоғамы», « Дін иелерінің кеңесі») ұйымына жетекшілік етті.
Сырдария қазақтарының 1917 жылы тамызда өткен сиезінде Бұкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды. Тұркістан өлкесі мұсылмандарының төртінші төтенше сиезінде құрылған Қоқан (Түркістан) автономиясының халық кеңесі құрамына сайланды.
С.Лапин 1918 жылы 17 қаңтарда өлкелік Халык Комиссарлары кеңесіне жолдаған мөлімдемесінде Қоқандағы Түркістан автономиясы мен Ташкенттегі кеңес үкіметі арасындағы текетіресті бейбіт жолмен шешуді көздеді. Алайда большевиктер Қоқан автономиясын қарулы кұшпен құлатып тынды.
С.Лапин саяси кұресті жалғастыру мақсатымен әуелі Бұхар әмірлігіне өтті, кейіннен 1-дұниежұзілік соғыс тұтқындарын қайтарумен шұғылданатын неміс комиссиясының көмегімен Германияға барды. Онда неміс өскерлерінің көмегімен Түркістандағы кеңестер билігін құлату жолында Германия үкіметі басшыларымен келіссөздер жұргізу мақсатында өрекеттер жасады. Олардан қолдау таппаған соң, 1919 жылы Самарқанға оралып, белгісіз жағдайда қайтыс болды.<ref>« Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}