Серік Әкпенұлы Аяғанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Серік Ақпенұлы Аяғанов.JPG
Серік Ақпенұлы Аяғанов

Серік Әкпенұлы Аяғанов (10 сәуір 1952 ж.т., Еңбекшілдер ауданы Степняк қ.) — ғалым, медицина ғылымдарының кандидаты (1999), докторы (2003), ҚР Парламенті Сенатының депутаты (2005). <ref>"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>


Әкесі - Аяғанов Ақпен (1906-1958), ҰОС қатысқан, жол шебері болған. Анасы - Аяғанова Бәтен (1912-1991), үй шаруасымен айналысқан.

  • Қарағанды мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін бітірген (1975), дәрігер.
  • Көкшетау экономика және менеджмент институтын (2005) бітірген.
  • 1975 жылдан - Қарағанды қалалық №3 ауруханасының дәрігер-интерні.
  • 1976 жылдан - Ленин аудандық ауруханасының хирург-дәрігері.
  • 1981 жылдан - Ленин аудандық ауруханасының бас дәрігері.
  • 1987 жылдан - Көкшетау облыстық денсаулық сақтау бөлімінің бас хирургі.
  • 1992 жылдан - Ақмола облыстық ауруханасының бас дәрігері.
  • 2005 жылдың желтоқсан айынан бері - ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы.

Ғылыми жұмысы

  • Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Асциттіксиндромды шағын инвазивтік технологияларды қолдану арқылы анықтау және кешенді хирургиялық емдеу».
  • «Құрсақ аймағының және іш қуысының ауруларын видеоэндоскопиялық зерттеу» (Санкт-Петербург қаласы, 2001)
  • «Бауыр және ет шығару жолдарының хирургиясы женіндегі жетекші оқу құралы» (Санкт-Петербург қаласы, 2003) оқу құралдарының, 30 жарияланымның авторы.

Қоғамдық қызметі

  • Ақмола облыстық мәслихатының депутаты (1999-2005).

Марапаттары

  • ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі (2002).
  • Кәсіподақтар қозғалысының үздігі (2002).
  • «Құрмет» орденімен (2002);
  • «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001)
  • «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005)
  • «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006)
  • «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған.

Басқа да мәліметтер

  • Әскери атағы - медицина қызметінің запастағы капитаны.
  • Үйленген. Жұбайы - Аяғанова Сәуле Ахметжанқызы (1955 жылы туған), мейірбике. ¥лдары - Ербол (1978 жылы туған), Петропавл қаласында банк бас қармасының орынбасары; Ерлан (1983 жылы туған), Ақмола облысы ауруханасының дәрігер-нейрохирургі.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер