Серік Қалиев
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Серік Қалиев - (16 тамыз 1961 жыл, Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы Амангелді ауылы) - айтыс ақыны.
1978—1983 жылдары жоғары оқу орнында (ЖГМҚИ) оқыған. 1983-1995 жылдары облыстық, республикалық ақындар айтыстарына қатысып, жүлделі орындарды иеленген. Өлеңдері 1987 жылы жас ақындардың «Қарлығаш» ұжымдық жинағына («Жалын» ) енген.
Шығармалары
- Отыз тістен шыққан сөз. Тараз, «Щит», 1998;
- Ақ моншақ. Тараз. «Щит», 1998;
- Жұлдыз сезім. Тараз. «Салық тәртібі», 1998;
- Өлеңдер мен әңгімелер. А., «Атамұра», 1999;
- Егіздің сыңары. А., «Толғанай», 2000;
- Ашық хат. А., «Нұрлы әлем», 2003.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>
Дереккөздер
<references/>