Серік Ғабдуллин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға


Серік Ғабдуллаұлы Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Шымқора ауылында 1937 жылы 17 тамызда туған.

Ел қатарлы орта мектепті аяқтап, ауылшаруашылығында жұмыс жасап, отбасын құрғанннан кейін Алматы қаласындағы ҚазМУ-дің филология факультетіне түсіп, оны 1966 жылы бітіреді. Сол жылы облыстық «Коммунизм туы» (қазіргі «Дидар») газетіне қызметке орналасты. Кіші әдеби қызметкерден бөлім меңгерушісіне дейінгі журналистік жолда кәсіби мамандығын ұштап, табиғи талантын таныта білді. Серік Ғабдұллаұлының барлық саналы ғұмыры облыс аумағында өтіп, оның өсу- өркендеу бағыты жөнінде көптеген мақалалар жазды. Өндірісті қаланың өнеркәсәп, құрылыс, транспорт, білім беру мен мәдениет салаларына елеулі үлес қосты. қарапайым металлург, құрылысшы, жүргізуші, кенші, дәрігер, мұғалім т.б. салалардағы еңбек адамдарының табыстарын насихаттап, халық шаруашылығы саласындағы кемшіліктерді сын тезіне салды. Ол газет жанрының қарапайым түрі - хабардан бастап, суреттеме, репортаж, сұхбат, очерктерді бірдей меңгерді. Сондай-ақ, ол «Коммунизм туы» газетінде ай сайын тұрақты түрде «Жас дәурен» бетін ұйымдастырып, жас ұрпақ тәрбиесіне өз үлесін қосты. Облыстық, қалалық комсомол комитеттерінің мүшесі болды. Серік Ғабдуллаұлы 1991 жылдан халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық ұйымының төрағасы болғанда оның қасынан Өскеменде тұратын ұлт өкілдерінің «мәдени орталығын» құруға бастама көтерді. Облыстық «Ақсақалдар алқасын» құруға, облыстық мешіттің ашылуына мұрындық болды. Сол жылы облыстық айтыскерлер мен Өскемен қалалық «Шабыт » жас ақындар мектебін ашты. «Шабыт» және «Звено Алтая» ақындар мектептерінде жас таланттардың шығармашылық қалыптасуына белсенді жетекшілік жасады. Осы шығармашылық ұйымдар күні бүгін жұмыс істеп келді. Серік Ғабдұллаұлының облыс өмірінде алар орны бар. Ол облыс орталығында шығатын республикалық, әдеби-мәдени және қоғамдық «Ақ Ертіс» журналының шығуына белсенділік танытты. Журнал қазақ-орыс тілдерінде 2001 жылдан бері тұрақты шығып келеді. С. Ғабдуллаұлы осы журналдың Бас редакторы болып қызмет атқарды. Кәсіптік және қоғамдық жұмыстарды абыройлы атқарғаны үшін қырық жыл жүзінде ҚазақССР, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитет, облыстық қалалық партия комитеттерінің жоғарғы марапатына ие болды. 2007 жылы Қазақстан республикасы Президентінің «Құрмет грамотасын», 2009 жылы «Қазақстанның Құрметті журналисі» атағына ие болды. Өскемен қаласының Құрметті азаматы. Серік Ғабдуллаұлы Қазақстан Журналистер, Қазақстан Жазушылар Одақтарының мүшесі. Оның қаламынан туындаған «Көктем лебі», «Бұқтырма сарыны», «Көктем – көкөрім шағым», «Ақ босаға», «Жылдардан жеткен жаңғырық», «Ұланғайыр», «сөйле, менің жүрегім», «Алтай асу», «Седой тулпар» т.б. кітаптары және жетпіс жасқа толуына байланысты екі томдық шығармалар жинағы жарық көрген. 2013 жылы 75 жасқа толуына орай «Алтай-Ертіс кітапханасы»сериясынан өлеңдер жинағы жарық көрді. 2014 жылы 22 қаңтарда Өскемен қаласында қайтыс болды. Туған жері Ұлан ауданы Шымқора ауылында жерленген.


Шығармалары

Ғабдуллаұлы С. Алтай асу [Мәтін] : Өлеңдер мен толғаулар / Ғабдуллаұлы С. - Алматы : Қазақпарат, 2002. - 140 б.

  • Ғабдуллаұлы С. Ұланғайыр [Мәтін] : Өлеңдер мен толғаулар / Ғабдуллаұлы С. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2003. - 356 б.
  • Ғабдуллаұлы С. Таңдамалы шығармалар жинағы [Мәтін]. Т. 2, 2007. - 357 б.
*Қауырсын қанат [Мәтін] / ред. С. Ғабдуллаұлы . - Өскемен : Шығыс-Полиграф, 2009. - 170 б.
  • Ғабдуллин С. Сөйле,менің жүрегім [Мәтін] : Өлеңдер мен балладалар / Ғабдуллин С. - Семей : Б.ж., 1998. - 131 б.
  • Жылдардан жеткен жаңғырық [Мәтін]. - Өскемен : Полиграфия, 1995. - 135 б.
  • Шығыс Қазақстан қаламгерлерінің кітапханасы Библиотека литературы Восточного Казахстана [Мәтін]. Т. 1 : К. Оразалин. - Алматы : ҚазАқпарат, 2008. - 274 б.

Шығыс Қазақстан қаламгерлерінің кітапханасы

  • Библиотека литературы Восточного Казахстана [Мәтін]. Т. 2 : К. Оразалин. - Алматы : ҚазАқпарат, 2008. - 413 б.
  • Ғабдуллаұлы С. Ақиқатты айтар жалғыз жыр ғана [Мәтін] : Қазақстандағы жаңа поэзия= Новая поэзия Казахстана / Ғабдуллаұлы С. // Күміс күйме= Явь и сны. - Алматы, 2001
  • Ғабдуллаұлы С. Қош келдің, наурыз! [Мәтін] / Ғабдуллаұлы С. // Ақ Ертіс=Иртыш. - 2008. - №2. - С. Б. 3.

Дереккөздер

<references/>

1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА