Серік Томанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Серік Жапарұлы Томанов [4.3.1956, Талас ауданы, Сәду Шәкіров ауылы (қазіргі С.Шәкіров атынд. а.) – 07.11.2003, Тараз қаласы] – ақын, журналист.

ҚазМУ-ді бітірген (1989). «Ленин жолы» (қазіргі «Талас тынысы» газетінің редакциясында еңбек жолын бастады. Алғашқы өлеңдері осында жарияланды. 1990 ж. Алматыдағы «Балдырған» журналының редакциясында қызмет істеді. 2000 ж. «Адасып жүрген ақбөкен едім» деп аталатын жыр жинағы жарық көрді. Бұл жинақ оқырман қауымның жылы лебізіне ие болды. Ақынның «Аққулар», «Қызыл көйлек киген қыз», «Сатушы қыз», «Аузынан айдың түскен қыз», «Сезімді қайтем тулаған» атты өлеңдеріне сазгерлер ән жазды.<ref>Тараз энциклопедиясы</ref>

Сілтемелер

<references />


{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}