Серік Сағитжанұлы Сермағамбетов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Серік Сағитжанұлы Сермағамбетов 1965 жылы 29 қаңтарда Қызылорда облысының Қазалы қаласында туған. Қазақ. Әкесі - Сермағамбетов Сағитжан, зейнеткер, балық шаруашылығы саласында басшы болған. Анасы - Сермағамбетова Ұршаш Әлібекқызы, марқұм, ателье тігін цехының шебері болып жұмыс істеген. Алматы халық шаруашылығы институтының есеп-экономика факультетін (1988) экономист мамандығы бойынша; Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қызылорда облыстық филиалының заң факультетін (2002) заңгер мамандығы бойынша бітірген. Қазақ және орыс тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2003 жылдан). 1988 жылдан - ҚазКСР Балық шаруашылығы министрлігі материалдық-техникалық жабдықтау басқармасының орталық базасында аға экономист. 1989 жылдың тамызынан - «Дәурен» өндірістік кооперативінің экономисі (Алматы қаласы). 1989 жылдың желтоқсанынан - ҚазКСР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қазбалықшар» Мемлекеттік кооперативтік бірлестігінің аға маманы. 1990 жылдан - Қызылорда қаласындағы балық зауытының экономист- қаржыгері. 1991 жылдан - Қызылорда облыстық Халық депутаттары кеңесінің аға бухгалтері, аға инспекторы. 1992 жылдан - Қызылорда облысының әкімі аппаратының бас инспекторы. 1996 жылдан - Қызылорда облысының әкімі аппаратында қаржы-шаруашылық бөлімінің кеңесшісі. 1999 жылдан - Қызылорда қаласы әкімінің жанындағы өндірістік-тұтыну бірлестігінің директоры. 2000-2004 жылдары - Қызылорда қаласының әкімі аппараты жанындағы істер басқарушысы. 2005 жылдан - Қызылорда қаласының әкімі аппаратының жетекшісі. 2008 жылдан - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімінің орынбасары. 2009 жылдан бері - Қызылорда облыстық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы. Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты (2003-2005). «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен, Қызылорда облысы әкімінің және Қызылорда облыстық мәслихатының құрмет грамоталарымен марапатталған. Әскери атағы - сержант. Діни көзқарасы - мұсылман. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев, С. Демирель, А.А. Бадави. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Дамыған тұрақты экономикалы гүлденген мемлекет». Хоббиі - футбол, аңшылық, сәулет өнері, дизайн, кітап оқу. Сүйіп оқитын әдебиеті - афоризмдер. Үйленген. Жұбайы - Сермағамбетова Роза Ақасқызы (1969 жылы туған), Қызылорда облыстық Статистика департаментінің бас маманы. Ұлы - Сермағамбетов Алмат (1990 жылы туған); қызы - Сағитжан Әсем (1995 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub