Серік Нұртайұлы Баймағанбетов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Серік Нұртайұлы Баймағанбетов (8 қыркүйек 1958 жыл, Көкшетау облысы, Қызылту ауылы) - Қазақстан мемлекеттік қайраткері, заң ғылымдарының кандидаты.
- М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, КСРО Ішкі істер министрлігінің академиясын тәмамдаған.
- 1980-1992 жылдары ішкі істер органдарында әртүрлі лауазымдар атқарды.
- 1992-2001 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде басшы лауазымдарда жұмыс істеді.
- 2001-2007 жылдары Ішкі істер вице-министрі
- Әділет вице-министрі
- Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары
- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау және сот жүйелері мәселелері бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.
- 2007-2009 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы.
- 2009 жылғы 2-ші сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі қызметіне тағайындалды.
- 2001 жылдың желтоқсанында ішкі қызмет генерал-майоры атағы берілді.
- 2011 жылдың мамыры-2012 жылдың ақпаны аралығы - Қазақстан кедендык бақылау комитетінің төрағасы.
Марапаттары
- "Құрмет"орденімен марапатталған.
Отбасы
Үйленген. Қызы бар.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>