Серік Мақашұлы Жұманғарин

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Серік Мақашұлы Жұманғарин (22 шілде 1969 жыл, Ақтөбе) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, экономист, физик, 2022 жылғы қыркүйектен Қазақстан премьер-министрінің орынбасары және 2024 жылғы желтоқсаннан Ұлттық экономика министрі.

Бұрын Жұманғарин Сауда және интеграция министрі (2022—2023), Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы (2020–2022), Еуразиялық Экономикалық комиссия Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі (2019–2020), Ұлттық экономика вице-министрі (2017–2019) және Өңірлік даму вице-министрі (2013–2014) болған.

Жастық шағы және білімі

Серік Мақашұлы Жұманғарин 1969 жылдың 22 шілдесінде, Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Жетіру тайпасының Табын руының Қаражон бөлімінен шыққан.

Жұманғарин 1993 жылы жылу физикасы мамандығына Мәскеу энергетикалық институында, 1997 жылы экономист мамандығына Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде және 2013 жылы іскерлік басқару мамандығынан магистр дәрежесіне Алматы қаласындағы Халықаралық бизнес академиясында білім алған.

Мансабы

Сурет:Ermek Amanşaev and Serik Jumanğarin 01 (2023-04-03).jpg
Мәжілістің Жұманғаринның Премьер-Министр орынбасары – Сауда және интеграция министрінің кандидатурасына келісім беруі, сәуір 2023

1993–2004 жылдары Жұманғарин еңбек жолын кәсіпкерлікпен бастады.<ref name="premyer">Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref> 1993–1994 жылдары «Тынай» ХЖҚ директоры болды және 1994–2004 жылдары аралығында «Медкорп» жеке кәсіпорнының директоры, «АСБ» жеке кәсіпорнының бас есепшісі және директоры, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» АҚ өкілдігінің директоры, «Компания Global» ЖШС коммерциялық директоры, «Батыс Ойл Газ» Корпорациясы» ЖШС бас директоры болған.<ref name="zakonkz" />

2005 жылы ол өзінің саяси мансабын Ақтөбе қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының орынбасары ретінде бастады, бұл қызметте 2006 жылға дейін болды. Сол жылдың сәуірінен желтоқсанына дейін Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

2006 жылдан 2007 жылға дейін Қазақстан Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары болса, 2007–2008 жылдары сол агенттіктің басшысы болған. Сол жылдың наурызынан маусымына дейін ол, оған қоса, агенттіктегі департаменттердің бірін басқарған.<ref name="zakonkz" />

2008 жылдың маусымында Жұманғарин Индустрия және сауда министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары, Сауданы дамыту департаментінің директоры қызметтерінде болды, бұл лауазымдарда 2010 жылдың сәуіріне дейін болған. Бұдан кейін, сол жылдың шілдесіне дейін «Қазақстандық келісім-шарт агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметінде бола тұрды.

2010 жылдың шілдесі мен 2011 жылдың қарашасы аралығында Жұманғарин «NadLoc» жергілікті қамтуды дамыту ұлттық агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары болды және 2012 жылдың наурызынан шілдесіне дейін Экономикалық даму және сауда министрлігі Өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаментінің директоры қызметін атқарды.

2012 жылдың 25 шілдесінен келесі жылдың қаңтарына дейін Жұманғарин Экономикалық даму және сауда министрлігінің Өңірлік даму комитетін басқарды және 2013 жылдың ақпанынан 2014 жылдың 15 тамызына дейін ол — Өңірлік даму вице-министрі.

2014–2017 жылдары ол Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы болса, 2017–2019 жылдары сол министрліктің вице-министрі.<ref name="premyer" />

2019 жылдың 20 желтоқсанында ол Еуразиялық Экономикалық комиссияда Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі болып тағайындалды, бұл қызметін 2020 жылдың 14 тамызына дейін жалғастырды. 2020 жылдың 14 қыркүйегінде ол Қазақстанның Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне басшылық етті.

2022 жылдың тамызында ол президент қаулысымен Премьер-министр орынбасары — Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушысы болып тағайындалды және агенттіктің төрағасы лауазымынан босатылды.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Сол жылдың қыркүйегінде ол толыққанды премьер орынбасары — министр болып тағайындалған және келесі жылдың 3 сәуірінде қайта тағайындалды.<ref name="zakonkz" />

2023 жылдың 2 қыркүйегінде күшке енген президенттің жарлығымен ол министр лауазымынан босатылды да, Премьер-министр орынбасары болуын жалғастырды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

2024 жылы 21 желтоқсанда Мемлекет басшысының жарлығымен Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Жұманғарин — 2019 жылдан бері Қазақстаннан Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының мүшесі және 2022 жылдан бері ЕЭК Кеңесіндегі Қазақстанның өкілі, «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы мен «QazExpoCongress» Ұлттық компаниясы Директорлар кеңестерінің мүшесі.<ref name="zakonkz" />

Сын

Сурет:Serik Jumanğarin and Nooruddin Azizi (2023-08-03).jpg
Серік Жұманғарин мен Талибан үкіметінің өкілі, Ауғанстан Сауда және өнеркәсіп министрі Үлгі:Iw, 2023 жылдың тамызы

Журналистке ұрысқаны

2019 жылы сол кезде вице-министр болған Жұманғарин тілшілерге "Жынымды келтірмеңізші!" деп ұрысқаны бар.<ref>Үлгі:YouTube</ref> Осы сөзі үшін ол сынға ұшыраған,<ref name="basearnasi">Үлгі:Cite web</ref> бірнеше күннен кейін «сөйлеу мәнерінің шектен шыққанын» мойындады да, журналистерден кешірім сұрады.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Жылжымайтын мүлік дауы

2016 жылы "Бәсе" YouTube арнасы Ұлттық экономика министрлігінде табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің жетекшісі болып тұрған Жұманғаринға қарсы "пара ретінде 10 пәтер алғанын", "тоғызын әйелінің атына рәсімдегенін" деген айып салған. 2023 жылдың 22 ақпанында ол бұл айыпты "интернет-арна жариялаған ақпаратты жала жабу және фактілерді бұрмалау" деп атады және пәтерлерді өз еңбегімен тапқанын, ешқандай заңсыз әрекет жасамағанын айтты.<ref name="basearnasi" />

Ауғанстан делегациясын қарсы алғаны

Үкіметін ресми түрде мойындамағанына және Талибанды террористік ұйым қатарына енгізбегеніне қарамастан, 2023 жылдың 3 тамызында Астанада ауған-қазақ бизнес-форумы өткізілді. Форумға 200 ауғандық делегат келген және оның барысында 200 миллион долларға жуық келісім-шартқа қол қойылды.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Форумға қатысқан қонақтар қатарында Ауғанстан Сауда және өнеркәсіп министрі Үлгі:Iw,<ref>Үлгі:Cite web</ref> Қазақстан Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин<ref>Үлгі:Cite web</ref> және оның орынбасары Қайрат Төребаев<ref>Үлгі:Cite web</ref> болды.

Шегіртке жайлы сөзі

Қазақстандағы паразит қара шегірткелер мәселесі жайлы сөйлегенде, Жұманғарин олардың тағам ретінде желінуінің халал екенін айтып кетті.<ref name="cegirtke">Үлгі:Cite web</ref> Қазақтың ұлттық тағамдары арасында жәндіктің еш болмағандығынан Жұманғаринның бұл сөзі сынға алынды, үлкен талқыға ұласты және Жұманғаринның елдегі паразит мәселесіне дұрыс қарамағанына ұқсады.<ref>Үлгі:YouTube</ref> Жұманғаринның бұл сөзін депутат Ерлан Саиров та сынға алды.<ref name="sarancha">Үлгі:Cite web</ref>

Даулы болған сөзі жайлы Жұманғаринге қайта сұрақ қойғанда, ол бұл сөздің «"шиеленісті" қоғамдық-саяси өмірдегі [БАҚ-тың] көңілін көтеру үшін» айтқанын белгілеп кетті. Сонымен қатар, ол ешқашан да халықтың шегіртке жеуін ұсынбағанын айтады.<ref name="cegirtke" /> Серік Жұманғарин 2024 жылы Қазақстанда қара шегірткелер көбеюі мәселесінің орын алмайтынына уәде де берді.<ref name="sarancha" />

Марапаттары

Серік Жұманғаринның марапаттары:<ref name="zakonkz" />

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Олжас Бектеновтің министрлер кабинеті Үлгі:Әлихан Смайыловтың министрлер кабинеті