Серік Жәмекұлы Оспанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Серік Жәмекұлы Оспанов (1964 ж. т., Атырау қаласы) – инженер-механик, әкімшілік қызметкері. Қазақтың политехникалық институтын (қазіргі ҚазҰТУ) машина жасау, металл кесу станогы және құрал-жабдықтар технологиясы мамандығы бойынша бітірген (1989). Маңғыстау мұнай өндірістік бірлестігінде жөндеуші-слесарь, мастер, аға механик болып жұмыс істеді. 1989 – 94 ж. Шевченко қаласы комсомол комитетінде бөлім меңгерушісі, Маңғыстау мұнай өндірістік бірлестігінде комсомол комитетінің хатшысы, Шевченко қаласы партия комитетінің әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөнінде комиссия төрағасының орынбасары, Маңғыстау облыстық әкімшілігі басшысының көмекшісі қызметтерін атқарған. 1995 – 2004 ж. Ақтау қаласының әкімі, 2004 жылдан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.<ref>«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007. </ref>

Сурет:Серік Жамекұлы Оспанов.JPG
Елубай Атағайұлы Оразалинов

Серік Жамекұлы Оспанов

1964 жылы 1 шілдеде Гурьев қаласында туған. Қазақ.

Әкесі - Оспан Жәмек, журналист, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. Анасы - Сармолдаева Нағима, медицина қызметкері.

В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының машина құрылысы технологиясы, металл кесуші құрылғылар мен аспаптар факультетін (1986) механик-инженер мамандығы бойынша; Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің маркетинг және коммерция факультетін (2000) маркетолог-экономист мамандығы бойынша бітірген.

Қазақ, орыс және ағылшын (базалық) тілдерін біледі.

«Нұр Отан» ХДП мүшесі (1999 жылдан).

1986 жылдан - Шевченко қаласындағы «Маңғышлақмұнай» өндірістік қызмет көрсету бірлестігі Орталық базасында жөндеуші-слесарь. 1987 жылдан - Шевченко қаласындағы арнайы техникалар мен аспалы аспаптарды жөндеу және жалға беру жөніндегі өндірістік қызмет көрсету Орталық базасында жөндеуші-слесарь, шебер, аға механик. 1989 жылдан - Шевченко қаласындағы ЛКЖО қалалық комсомол ұйымдары комитетінде бөлім меңгерушісі. 1990 жылдан - «Маңғышлақмұнай» ӨБ комсомол комитетінде хатшы. 1991 жылдың наурыз айынан - Қазақстан Компартиясы Шевченко қалалық комитетіндегі әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі Комиссия төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы. 1991 жылдың қыркүйек айынан - қалалық атқару комитетіндегі табиғатты пайдалану, экология және өнеркәсіптік өндіріс бөлімінде энергетика мен байланыс мәселелері жөніндегі аға маман. 1992 жылдан - Маңғыстау облыстық әкімшілігі басшысының көмекшісі. 1994 жылдан - Ақтау қалалық әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары. 1996 жылдан - Ақтау қаласының әкімі. 1997 жылдан - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары - Ақтау қаласының әкімі. 1999 жылдан – Ақтау қаласының әкімі. 2004 жылдан - ҚР Парламенті Мәжілісі 3-ші шақырылымының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі.

2007 жылдан бері - ҚР Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырылымының «Нұр Отан» ХДП тізімі бойынша депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі.

Ақтау қалалық Футбол федерациясының президенті.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006); «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен; «Қазақстан мұнайына 100 жыл» (1999), «Өзен кен орнына 40 жыл» (2005), «Мақат мұнай кен орнына 90 жыл» (2005) естелік төс белгілерімен марапатталған.

Әскери атағы - запастағы подполковник.

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Өркендеу, әлемнің дамыған 50 елдерінің қатарына кіру».

Хоббиі - бильярд, музыка, футбол.

Сүйіп оқитын әдебиеті - детективтер, психологиялық драмалар.

Үйленген. Жұбайы - Оспанова Гүлмира Қалиқанқызы (1966 жылы туған), үй шаруасымен айналысады. Ұлы - Оспанов Нұрсері Серікұлы (1989 жылы туған); қызы - Оспанова Нағима Серікқызы (1994 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Серік Жәмекұлы Оспанов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}