Серік Есжанұлы Еркінов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Серік Есжанұлы Еркінов (22 желтоқсан 1952 жылы туған, Алматы облысы, Талдықорған қаласы) – заң ғылымдарының докторы (2002), профессор (2002), Қазақстан Республикасы ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері, полиция генерал-майоры.
КСРО ІІМ-нің Қарағанды жоғары мектебін (1975) және КСРО ІІМ-нің академиясы жанындағы адъюнктурасын (1982) бітірген. Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Алматы заң институтын (1996–99) және Қазақстан Республикасы ІІМ-нің академиясын (2002–2009) басқарды. 2000 ж. «Взаимодействие правоохранительных органов стран СНГ при раскрытии и расследовании транснациональных преступлений» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>