Серік Дәулеталыұлы Абас-шах

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Серік Дәулеталыұлы Абас-шах (Абасов) (1964-жылдың 29-ақпан күні Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Тұрар ауылында дүниеге келген) – тележурналист, продюсер.

ҚазМУ-ді бітірген (1989). Еңбек жолын 1981 жылы жұмысшылықтан бастап, университетті бітіргеннен кейін Жамбыл облысы телерадиокомпаниясында редактор, комментатор (1989-96), "АвторТВ" авторлық теледидарында жетекші (1996-97), "Хабар" агенттігінде көңіл көтерушілік бағыттағы "Сәлем, Қазақстан!' бағдарламасының редакторы (1997), "Хабар" агенттігінің жаңалықтар қызметінде продюсер (1997-2000), 2002 жылы қыркүйек айынан Хабар агенттігінің бас продюсері. "ЕлАрна" телеарнасының бас директоры (2013).

Көгілдір экрандағы "Жетпіс жеті күн", "Абайдың қара сөздері", "Ұят болмасын", "Алтыбақан", "Ауылдың алты ауызы", "Өлең сөздің патшасы", "Еркектің аты еркек", "Әйелдер-ай, әйелдер", "Сіздікі дұрыс, бірақ" "Гәкку", "Тартыс" т.б. телебағдарламалардың жетекшісі.

Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері (1994), "Алтын Жұлдыз" конкурсының иегері (1999). <ref>Қазақ телевизиясы. Энциоклопедия. – Алматы: Қазақпарат, 2009, 1-T. ISBN 978-601-03-0070-5. </ref>.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}