Серік Бейсенбайұлы Сүйіндіков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Серік Бейсенбайұлы Сүйіндіков -1974 жылы 20 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Таврия ауданының Каменка ауылында туған. Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетін (1997) инженер-құрылысшы мамандығы бойынша; С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін (2003) заңгер мамандығы бойынша бітірген.

  • 1991 жылдан - Шығыс Қазақстан облысы Таврия ауданының Тройницкое ауылдық клубының меңгерушісі.
  • 1992 жылдан - Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің студенті.
  • 1997-1998 жылдары - ҚР Қарулы күштерінде қызметте.
  • 2000 жылдан - Өскемен қаласы Ішкі істер басқармасындағы қызмет.
  • 2002 жылдан - «Үміт» балалар үйінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы (Өскемен қаласы).
  • 2003 жылдан - «ШҚО Коммуналдық меншік басқармасы» МБ шағын бизнес және жалдау бөлімінің бас заңгер маманы.
  • 2005 жылдан - «ШҚО қаржы департаменті» МБ мүліктендіру және жекешелендіруден кейінгі бақылау бөлімінің бас маманы.
  • 2006 жылдан - «ШҚО Мемлекеттік сәулет-құрылыстық бақылау департаменті» МБ әкімшілік бөлімінің бастығы, сәулет-құрылыстық бақылау және инспекциялау бөлімінің бастығы, әкімшілік бөлімінің бастығы.
  • 2006 жылдың наурызынан - ШҚО «Мемлекеттік сәулет-құрылыстық бақылау департаменті» МБ бөлім бастығы.
  • 2009 жылдың маусымынан бері - Шығыс Қазақстан облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыстық бақылау басқармасының бастығы.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық.

Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub