Серік Байхонов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Серік Байхонов<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>1953 жылы 12 мамырда Қызылорда облысы, Шиелі ауданының «Авангард» кеңшарында туған. 1976 жылы Қазақ мемлекеттік университетін, 1980 жылы Алматы Жоғары партия мектебін бітірген. Республикалық газеттер редакцияларында, «Қазақфильм» киностудиясында жұмыс істеді. 19901998 жылдары Қазақ республикалық теледидарының Бас редакторы қызметін атқарды. Қазір «Қазмырыш» ашық акционерлік қоғамында еңбек етеді.

Жетістіктері

Тұңғыш повесі «Жалғасым менің — жалғасым» 1973 жылы «Жалын» журналында жарық көрді. Шығармалары орыс тіліне аударылған. «Жігіттің сұлтаны», «Тайбурыл», «Сиқырлы қазан», «Қазақтың Қажымұқаны» республикалық конкурстық бағдарламаларының авторы. Қазақстан Жазушылар одағының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы сыйлығының лауреаты.

Экпедиция

Кәсіби саяхатшы ретінде «Сал үстіндегі маусым», «Аралға — араша», «Арналарға тіл бітсе», «Өсімдіктер желісіне саяхат», «Бетпақдала — шөл емес» экспедицияларын басқарған.

Шығармалары

  • Жалғасым менің жалғасым. Повестер мен әңгімелер. А., «Жалын», 1977;
  • Ең ыстық маусым. Повестер. А., «Жалын», 1979;
  • Қос шатырлы үй. Повестер. А., «Жалын», 1983;
  • Сал үстіндегі маусым. Саяхат кітабы. «Жалын», 1987;
  • Құйылыста. Хикаяттар мен әңгімелер. А., «Жазушы», 2001;
  • Ғажапстанға саяхат. Табиғат кітабы. «Рудный Алтай», 2001.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub