Серік Байсейітұлы Ақылбай
Серік Байсейітұлы Ақылбай (12 қаңтар 1949 жыл, Үлгі:Туғанжері) — қазақстандық заңгер, мемлекеттік қайраткер, Қазақстан Сенатының депутаты (2005–2017), Заң ғылымдарының кандидаты (2007).
Мазмұны
Өмірбаяны
Депутаттығына дейін
Еңбек жолын Торғай облысы адвокаттар алқасынын стажёрі, адвокаты, Державин ауданының заң консультациясының меңгерушісі болып бастаған.
1983–1990 жылдары Державин ауданының сотының судьясы, төрағасы, Целиноград қаласы сотының төрағасы. 1990–1997 жылдары Торғай облыстық соты төрағасының орынбасары, төрағасы, облыстық сот шаруашылық істері бойынша алқасынын төрағасы.
1997-1998 жылдары Ақмола облысы сотының судьясы болып жұмыс істеді де, 1998–2002 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы болды. 2002–2005 жылдары Қарағанды облыстық прокуроры болды.
Депутаттығы
2005–2012 жылғы Қазақстан Парламенті Сенаты XXX-шақырылымның депутаты болып сайланды. 2012–2017 жылдары Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқықтық қорғау органдары комитетінің төрағасы болды. Қазіргі уақытта Қазақстанның заңгерлер одағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы болған.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>
Марапаттары
- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасы (1980)
- "Құрмет Белгісі" ордені (1982);
- Құрмет ордені (2007);
- "Содружество" ордені (ТМД ПАА 2011);
- Парасат ордені (2014);
- Қазақстан Тұңғыш Президентінің Алғыс хаты;
- Қазақстанның құрметті заңгері;
- "Қазақстан Республикасы сот жүйесінің ардагері" медалі (2014)
Мемлекеттік мерейтойлық медальдары
- "Тың жерлерді игергені үшін" медалі (1984);
- "Астана" медалі (1998);
- "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл" медалі (2001);
- "Тыңға 50 жыл" медалі (2004);
- "Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл" медалі (2005);
- "Астанаға 10 жыл" медалі (2008);
- "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл" медалі (2011);
- "Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл" медалі (2015);
- "Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл" медалі;
- "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі (2016); * "Астанаға 20 жыл" медалі (2018).
Еңбектері
- "Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат" кітабының авторы (2006),
- Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне түсініктеме Қос авторы (2001),
- Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне түсініктеме (2006).
Жеке өмірі
Серік Ақылбай үйленген, екі баласы бар.
Дереккөздер
Үлгі:Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының VI шақырылым депутаттары