Серік Ақсұңқарұлы
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Серік Ақсұңқарұлы (29.3.1950 жылдарға таман, Жезқазған облысы Ақтоғай ауданы Қызыларай ауылы) - ақын. ҚарМУ-ды бітірген (1989).
1967 - 1974 ж. туған ауылында шопан, 1974 - 1978 ж. Ақтоғай ауданы "Арқа еңбеккері" газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болды. 1978 - 1987 ж. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы "Коммунизм таңы" газетінде ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі кызметін атқарды. 1987 - 1990 ж. еркін шығармашылық жұмыста болды. 1990 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облысаралық бөлімшесінің жауапты хатшысы "Орталық Қазақстан" газеті бас редакторының әдебиет жөніндегі кеңесшісі.
"Көктем тынысы" (1975), "Қарлығаш" (1981) жинақтарында бір топ өлеңдері жарық көрген. "Жиырмасыншы ғасырдың жиырма сәті" (1984), "Ғасыр кардиограммасы" (1991) кітаптары, "Жезтасқын" (1988), "Қызыларай" (1990) "Адам-Ата - Хауа Ана"(2000) атты өлеңдер мен поэмалар жинақтары жарық көрді. Орыс ақындары А.С. Пушкин, Анна Ахматова, М.Цветаева, Е.Евтушенко, А.Вознесенский, Р.Рождественский, т.б. өлеңдерін қазақ тіліне аударған.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref><ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}