Серікқали Хасан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Серікқали Хасан (8.5.1960 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Жаңа Қазан ауылы) - жазушы.

ҚазҰУ-ды бітірген.

Ауыл мектебінде мұғалім болған. Жаңақала ауданы "Жаңарған өмір" газетінде әдеби қызметкер, облысы "Орал өңірі" газетінде аға тілші, бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағы Батыс Қазақстан облысы бөлімшесі басқармасының жауапты хатшысы болып жұмыс істеген.

1989 жылдан республикалық ғылым-көпшілік "Зерде" журналында бөлім меңгерушісі, "Жалын" журналында жауапты хатшы, еларалық (Түркия - Қазақстан) "Заман - Қазақстан" газетінде жауапты хатшы, республикалық телерадио кор- порациясында бас маман қызметін атқарған.

1996 жылдан "Жұлдыз" журналының жауапты хатшысы. "Ойын заңы" әңгімесі үшін "Жалын" журналының Т.Айбергенов атындағы сыйлығы берілген. "Қос ішек" ұжымдық жинаққа шығармалары енген. "Қасқырлар түнде үлиды" прозалық жинағы жарық көрген. <ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}