Серікқали Зейнолла

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Серікқали Зейнолла (10.2.1938, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы,Нұржау ауылы – 20.3.2004, Алматы қаласы) – жазушы, әдебиет зерттеушісі, сыншы, аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты(1968), профессор (2000). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1999). ҚазМУ-ды (1960, қазіргі ҚазҰУ) және ҚазПИ-дің (1968, қазіргі ҚазҰПУ) аспирантурасын бітірген. 19591998 жылдары «Пионер» (қазіргі «Ақжелкен»), «Жұлдыз» журналдарында, Қазақстан Жазушылар одағында,«Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде, Әдебиет және өнер институтында жауапты қызметтерде болды. «Қазақстан» баспасында (19751987). Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекетте (1987–1997), 2001 жылдан өмірінің соңына дейін «Раритет» баспасында бас редактор қызметін атқарған. Негізгі ғылылыми еңбектері философиялық ой түйіндеулерімен ерекшеленіп, сын кітаптарында қазақ мәдениеті, сөз өнері мәселелері көркемдік дүниетаным мен эстетикалық талаптар тұрғысынан талданды. Халықаралық «Алаш» (1994), ҚР Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты (2002). «Алтын жамбы» сын мақалалар жинағы үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын алған (2002).<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref><ref>Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}