Серікхан Ахметов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Серікхан Ахметов (15.5. 1960. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы) - тележурналист, БАҚ саласының топ-менеджері. <ref> "Қазақ телевизиясы", Энциклопедия, "ҚазАқпарат" Алматы, 2009 1-т, ISBN 978-601-03-0070-5 </ref>. Қазақ Мемлекеттік әлем тілдері және халықарарлық қатынастар университетін бітірген (1984).

Еңбек жолын Жамбыл облысы Қызыл гвардия аудандық "Коммунизм нұры" газетінен бастаған (1984). Жамбыл облысы теледидар және радиохабарларын тарату комитетінде диктор - жауапты шығарушы (1986), "Алатау" телеарнасында редактор (1987), Қазақ теледидарының бас редакторы (1992-96), Қазақ теледидары бас директорының орынбасары (1996). Алматы облыстық "Жетісу" теледидары мен радиотарату комитетінің бас директоры. "Қазақстан" ҰТА-да қоғамдық-саяси хабарлар бағдарламасының бас продюссері (2004).

Қазір "Қазақстан" РТРК АҚ Аймақтану бөлімінің бас маманы. ҚР-ның мәдениет қайраткері. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының екі мәрте иегері. Әр жылдары "Құс жолы", "Құбыла", "Қадір түні", "Тұғыр" хабарларының тележургізушісі болды.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}