Серікбек Мұқашұлы Байболов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Серікбек Мұқашұлы Байболов(5.6.1937 жылы туған, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Маловодное ауылы) – инженер-құрылысшы, техника ғылымның докторы (1983), профессор (1984), Қазақстан Республикасының Инженер академиясының академигі (1997). Бүкілодақтық сырттай оқытатын инженер-құрылыс институтын бітірген (1966). Қазақ физкультура институтында (қазіргі Қазақ спорт және туризм академиясы) аға инженер (1961–1966), проректор (1966–1973), кафедра меңгерушісі (1973–1974), Қазақ КСР-і Жоғары және орта арнаулы оқу министрінің орынбасары (1974–1979), Алматы архитектару-құрылыс институтының (1980–1987, қазіргі Қазақ Бас сәулет-құрылыс академиясы) ректоры, профессор (1987–1991), Қазақ КСР-і Мемлекеттік табиғат к-тінде бас басқармасының бастығы (1991), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тұрғын үй құрылыс мин-лігі төрағасының орынбасары (1991–1996), Баға ин-тының директоры (1997–1998), Кәсіби бағалау одағының президенті (1999) болды 2004 жылдан Орта Азия сараптама және бағалау ЖШС-нің бас директоры қызметтерін атқарады. Байболовтың негізгі ғылыми еңбектері мен өнертабыстары әр түрлі өнеркәсіптік үйлердің еденін, сондай-ақ спорттық құрылыстарды салуға пайдаланылатын полимерлер негізінде жаңа құрылыс материалдарын жасауға және оны өңдеу мәселесіне арналған. Ол 20 өнертабыс пен 9 патент және бірқатар кітаптардың [«Спортивные сооружения», 1976; «Вяжущие вещества для производства отделочных теплоизоляционных материалов», 1983; «Композиционные строительные материалы», 1996 (телавт.)] авторы. Халықтар достығы, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.

Сыртқы сілтемелер

<ref name=source1>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Серікбек Мұқашұлы Байболов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}